Қайрат Келімбетовтің баяндамасынан:
– АХҚО-да әлемнің 65 елінен 1500-ден аса компания тіркелген;
– тартылған инвестицияның жалпы көлемі 6,9 миллиард долларға жеткен;
– Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 миллион доллардан астам акционерлік капитал және 2,1 миллиард доллар қарыз капиталы тартылған;
– АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы жалпы 1200-ден астам даулы мәселені қарастырған;
– Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының есебінде АХҚО-ның салық режимі салық ашықтығының жаһандық стандарттарына сай келеді деп танылған.