Мемлекет басшысы Армения халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады», – делінген хабарламада.

Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Comments (0)
Add Comment