«Мектепке жол» – жақсылық жасауға мүмкіндік

1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өткізілуде. Аталған акция балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған «Балалар жылын» іске асыру шеңберінде «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық!» ұранымен өтуде.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қала мектептерінен бір реттік материалдық және қаржылай көмек алмаған 896 оқушының тізімі жинақталып, 189 мекеме мен кәсіпорын басшыларына және демеушілерге таратылып берілді.
Акцияның маңыздылығын ескере отырып, қалалық білім бөліміне қарасты мекемелер, қалалық емханалар мен ауруханалар, облыстық басқармалар акцияны қолдап, оқу жылында қажетті құралдар мен киім-кешектермен қамтамасыз ету үшін демеушілік көмек көрсетуде. Акция басталғаннан 148 балаға көмек берілді.
170 бала білім бөліміне қарасты мекемелерге беріліп, оның ішінде 34 балаға киім-кешек түрінде және ақшалай көмек жасалды. №57 орта мектептегі тұрмыс жағдайы төмен жалғызбасты әке Ділдабек отбасына «Қарекет» қорынан үй берілді. Сондай-ақ мектеп жасындағы 3 баласы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды.
Акция бойынша жұмыс жалғасын табуда.

Азамат Айнабала

Comments (0)
Add Comment