Мектепке жол – мейірімділік бастауы

Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы биыл 1 тамыз бен 30-ыншы қыркүйек аралығында өткізіледі. Аталған республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса!» ұранымен ұйымдастырылады.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету. Бүгінде шараны өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, ұйымдастыру комитеті құрылған. Акцияның маңыздылығын ескере отырып, кәсіпорындар, бизнес өкілдерін барынша атсалысуға шақырамыз! Егер әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар болса, білім бөліміне хабарласуға болады.
Акцияны өткізу барысында балалардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, көмекті наразылық тудырмайтындай, жеке-жеке көрсету қажет (балалардың суреті жарияланбауы тиіс).
Осыған орай, Тараз қаласының білім бөлімінде 1-ші тамыз бен 30-шы тамыз аралығында ата-аналардың өтініштері бойынша «жедел желі» жұмыс істейді.
Байланыс телефоны – 54-93-92.

Еркін Сайын

Comments (0)
Add Comment