Қазақстандық Telegram арналардың бірінде жаңа нормативтік-құқықтық акт туралы хабарлама таратылып жатыр. Оның мағынасына үңілсек, ата-аналарының келісімінсіз мектептердегі балаларды COVID-19-ға қарсы вакцина алу бойынша арнайы норма жазылған. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай нормативтік-құқықтық акт туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
«Мұндай НҚА жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомстводан.
Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда балаларды ковидке қарсы вакцинациялау тек ата-аналардың жазбаша келісімімен жүргізілетінін мәлімдеген болатын.