Мектебім – менің мақтанышым!

Мектеп, білім, ұстазым деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз «дарын – жанып тұрған жалын» дегеніндей әр оқушының өз таланты болады. Шәкірттері білімді, дарынды, қаламыздың қақ төрінен орын тепкен алтын ұя мектебім «Ozat High School» жайлы мақтанышпен айтқым келеді.

Білім ордасы аз уақыт ішінде облыстық, республикалық деңгейдегі өткен білім саласы жағынан жоғары дәрежелі деңгейде көрсеткіштерге ие болғаны үшін марапатталды. Менің мектебім – менің мақтанышым! Неге десеңіз, заманауи талаптарға сай, терезесі тең білім ордасы. Мектеп ұстаздарының арқасында, түлектерінің білімділігі мен шығармашылығының нәтижесінде мектебіміз алдыңғы қатарда келеді. Мектебімнің осы күндері мәртебесі биіктеп, түлектері көптеген беделді оқу орындарына түсіп, өнерлі жастары өркендеп өсуде. Биылғы оқу жылының түлектерінің 94 пайызы грант иегерлері болып, ата-аналардың ыстық ықыласына бөленуде.
Менің мектебім – білімділер мектебі. Себебі директорымыз Н.Берікұлының бастамасымен өз аяғына нық тұрған білім ошағы заманауи құралдармен жабдықталған оқу сыныптары және білім нәрімен сусындатып,маман даярлау жолында аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздармен толықтырылған.
Мен қазір мектебімнің жетістігіне мақтанамын. Ал келешекте мектебім менің қол жеткізген нәтижелеріммен мақтанса деген ойдамын. Өсе бер, өркендей бер менің сүйікті мектебім, «Ozat High School»!

Салтанат Жамалаева,
«Ozat High School» мектебі директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары

Comments (0)
Add Comment