Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында қыз бала көз жұмды

Астанадағы Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында 29 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше кешке жедел жәрдем қызметіне Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында әйелдің есінен танып қалғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері жеткенше әйел қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, 29 жастағы келіншек кенеттен есінен танып қалған. Одан кейін қалтырай бастаған.

«Әйел есінен танып қалғаннан кейін куәгерлер медициналық бекеттің қызметкерлерін шақырып, реанимациялық шаралар жасап көрген. Бірақ одан нәтиже шықпады», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Comments (0)
Add Comment