Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар қамтылды.
Халқымыз үшін жасалынып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама тәуелсіз еліміздің жаңаша бағытта дамып жатқанының айқын көрінісі. Біз, медицина қызметкерлері, Президентіміздің бізге артып отырған сенімін ақтап, асқан жауапкершілікпен бірлесе отырып, Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарды қарқынды түрде дамытуға, ұлт саулығын арттыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Барлық медицина қызметкерлерінің бүгінде орташа айлық жалақылары көтеріліп, біршама жақсы деңгейге өсті. Тіпті орта және техникалық персонал табысы да көтерілген. Мәселен, Жамбыл облысындағы 11 896 медициналық қызметкерлерінің, оның ішінде 3 248 дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 8 648 орта медицина персоналының жалақысы орташа есеппен 20%-ға ұлғайса, дәрігердің айлығы орта есеппен 453 427 теңгеден 589 455 теңгеге өсіп , орта медициналық буын персоналының айлығы 204 000 нан 244 800 теңгеңе жоғарылаған. Сонымен қатар, көптеген жылдан бері көтерілмеген тазалықшы, жүргізуші және өзге де персоналдардың еңбекақысы орта есеппен 18 % өскен. Атап айтқанда, 3 430 тазалықшының еңбекақысы орта есеппен 124 854 теңгеден 147 327 теңгеге дейін көтерілді. Бұл – біздің Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың медицинаға жасап отырған жақсылығы ғана. Басқа да қаншама нысандар ашылып, медициналық жоғары технологиялық құрылғылар алынып, ел игілігіне берілуде. Халық бүгінде тексерілуден өту үшін алысқа бара бермей, өзімізде емделгенді дұрыс көреді. Тегін медициналық қызмет көрсетудің жоғары үлгісіне ел үйреніп келеді. Мұның барлығы – Мемлекет басшысының көреген саясаты мен жасампаз істерінің жемісі деп білемін. Біз, медицина қызметкерлері, қашан да еліміздің жарқын болашаққа қадам басуы жолында қолдан келгенше қолдау көрсетеміз.
Гүлмайра Момбекова,
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы