Мбаппенің бетпердесі жанкүйерлерін күлкіге қарық қылды

«Пари Сен-Жермен» футболшылары Киллиан Мбаппе мен Ашраф Хакими Нью-Йорктегі ең қарбалас көшеде жанкүйерлерінен жасырынуға тырысты.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған.

«Неліктен барлығы Мбаппе мен Хакими туралы жазып жатыр? Олар бұл видеода жоқ! Мен ешкімді көрмедім», «Мбаппе өзін ниндзя тасбақамын деп санайды», – деп жазған Желідегілер.

Ешкімге көрінбеу үшін футболшылар керемет камуфляж жасап алған: көзі көрінетіндей бетперде таққан. Олардың бұл жоспары сәтсіздікке ұшыраған, өйткені әлем чемпионаты жұлдыздарының видеосы Желіде тарап кетті.

massaget.kz

Comments (0)
Add Comment