Матч кезінде футболшының жүрегі тоқтап қалды

Норвегияда “Согндал” және “Стьордалс Блинк” командалары арасындағы матч кезінде футболшы Эмиль Палссонның жүрегі тоқтап қалды. Спортшы қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Тv2.no басылымының жазуынша, футболшы Эмиль Палссон ойынның 12 минутында денсаулығы сыр беріп, көгалға құлаған. Осыдан кейін алаңға медициналық бригада шығып спортшыға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті.

Жүрегі тоқтап қалған футболшы қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 28 жастағы Эмиль ауруханаға жеткенде есін жиған.

Comments (0)
Add Comment