«№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» славян халқының дәстүрлі мерекесі «Масленица» атап өтілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
«Масленица» мерекесі қаһарлы қыспен қоштасып, шуақты көктемді қарсы алатын күн ретінде тойланады. Сонымен қатар, бір-біріне ренжіген жандарды татуластырып, кешірім сұрауға үндейтін күн.
Мерекелік кеш барысында мекеме басшысы Гүлжауһар Кушанова ізгі тілегін арнап,, іс-шараны салтанатты түрде ашып берді.
Көкте ән шарықтап, қарттар шат-шадыман күй кешті. Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамы құймақ таратылып, арнайы берілген орындарға тәтті қойылып, жиналғандар дәмнен ауыз тиді. Түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, белсене атсалысқан қатысушыларға сыйлықтар таратылды.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ