Мас күйінде көлік айдап, абақтыға жабылды

Тараз қалалық тәртіп сақшыларымен ішімдікке тойып, көлік құралын басқарған азамат ұсталды.
Түнгі мезгілде әкімшілік аумақты патрульдеу барысында қызметтік автокөлікті көріп, жылдамдықты асырған «ВАЗ» маркалы автокөлігі күдік туғызған.

Полиция қызметкерлерімен автокөлік тоқтатылғанда, 42 жастағы қала тұрғынынан алкогольдік өнімнің иісі шығып тұрғандығы байқалған.

Дәрігерлермен тексеріс жүргізу барысында көлік жүргізушісі автокөлікті масаң күйде басқарғандығы анықталды.
Көлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, жеті жыл мерзімінде көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Comments (0)
Add Comment