Марат Ирменов Алматы ҰҚКД басшысы болып тағайындалды

  Полковник Марат Ирменов ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК баспасөз қызметі Марат Ирменов тағайындалғанын растады. Ол 2020 жылдың ақпанынан бастап Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2016-2020 жылдары ҰҚК-ның Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұған дейін Ирменов Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз 

Comments (0)
Add Comment