Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәліметінші, Марат Бекетаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі болып тағайындалған.
Марат Бекетаев 2016 жылдан бастап Қазақстанның Әділет министрлігін басқарған. Сондай-ақ, әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.