Елордада ер адам 10 қабаттан құлаған бес жасар қызды қағып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған. Кешкі сегіздер шамасында Қабанбай батыр 42 мекенжайында 2017 жылғы қыз бала терезеден құлады. Сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қызды қағып алуға тырысты.
Ол қағып алса да, қыздың жарақатын жеңілдетуге ғана себепші болды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті Талғат Әбдіханұлы есімді ер адамды марапаттау рәсіміне шақырды. Алайда ол қыздың жағдайына байланысты одан бас тартты.