Дәрігер-терапевт Татьяна Романенко дымқыл майлықтың несімен қауіпті екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, адамдар көбіне қолданатын дымқыл майлық құрамында пайдалы микрофлораны жоятын заттар бар.
Сол себепті тері жұқарып, жара пайда болуы мүмкін. Салдарынан иммунитет әлсіреп, ағзаның вирустарға төтеп беру қызметі әлсірейді.
«Дымқыл майлықты қол жууға мүмкіндік болмаған кезде ғана қолдану керек», – дейді маман.
Сонымен қатар ол майлықты қол сүртуге емес, бетке де қолданатындар бар екенін айтты. Дәрігердің мәліметінше, ол да қателік болып саналады.
Техникаға арналған майлық теріні тітіркендіріп, аллергиялық реакция тудырады. Тіпті, репродуктивті функцияға әсер ете алады.
Ол адамдар өнімнің жарамдылық мерзіміне мән бермейді деп отыр. Ашық майлықта қауіпті микро ағзалар пайда болады.
Дәрігер қол жуудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені майлық кірді толықтай кетіре алмайды.