Майғазиев оқу ақысын төлей алмай, университеттен шығып қалған жігітке көмектесті (видео)

Сәкен Майғазиев сауапты іс жасады. Ол оқу ақысын төлей алмай, университеттен шығып қалған әнші жігітке қол ұшын берді. «Қазақстан дауысы» жобасының қатысушысы Аян Байжігіт келесі жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне қайта оралатын болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараздық Аян Байжігіт тәлімгер Alem-нің тобында өнер көрсетуде. Өткен сенбіде жобаның «Жарға жығу» кезеңінде Аян Ninety one тобының Mooz әнін шырқап, тәлімгерлер мен барша тыңдарман қауымды таңғалдырды. Жобаға алғаш келген сәтте Аян оқу ақысын төлей алмай, университтен шығып қалғанын, оқуға қайта оралғысы келетінін айтқан еді.

Ол «Қазақстан дауысы» жобасына қатыссам, университет басшылары байқап, қайта шақырады” деп үміттенген. Оның бұл үмітін Сәкен Майғазиев жақты.

«Басшылыққа хабарласып, қандай емтихандарда мүмкіндігің болмады, қаншалықты ақша төлей алмадың, соны мойныма алып, төлеп, келесі жылы сені қайта оқуға қабылдауға мүмкіндік алдым. Алла нәсіп етсе, келесі жылдан сені өнер академиясына қайта қабылдайды», – деп қуанышты хабарды жеткізді Майғазиев жоба барысында.

«Музарттық» серінің бұл шешеміне Аянмен бірге оның тыңдармандары қатты қуанып, Сәкенге ризашылығын білдірді.

Comments (0)
Add Comment