Қос ардагерге шағын той да жасалып, ақ дастарқан жайылған.
Шымкент қаласы №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғындары 72 жастағы Рақымқұл Бегалыұлы мен 62 жастағы Найла Мұхаммедқызы бас қосты.
Қос ғашық қарттар үйіне келгеннен кейін танысып, әңгімесі жарасқан. Өткен жылы ерлі-зайыптылар 23 қарашада заңды некеге де тұрып үлгерген.
Үйлену тойына қарттар үйінің қызметкерлері, жұбайлардың құрдастары, достары қатысты.
Көңілі жарасқан адам қай сәтте де бір-біріне сүйеу болады. Сіздерді бүгінгі шаттық күнмен құттықтай отырып, осы тойға атсалысқан барша жанға алғыс айтамын, – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.