Махаббат Мүсілім: Тәуекел ешқашан адамның қаржылық жағдайына болмаса беделіне қарамайды

Тәуекел Мүсілімнің жары актермен таныстығы, оның бойындағы ең асыл қасиеттері жайлы айтты. Махаббат Мүсілім актерге не үшін ғашық болғанын бөлісті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мыңдаған қыздың жүрегін жаралаған Тәуекелдің таңдауы қостанайлық Махаббат есімді аруға түсті. Дәрігер-терапевт мамандығын бітірген Махаббат актермен танысқанда жатақханада тұрғанын айтады. Сөзіне қарағанда, Тәуекел оған еш мән бермеген. – Мені баурап алған да оның осы қасиеті, – дейді жас ана.

«Шамамен сәуір айының ортасында танысып, қазан айының соңында «сырға салынды». Негізінде бұл өте аз уақыт. Осындай адамды кездестірген менің жолым болған шығар.

Себебі кейде адамдар серіктерін адастырып, өзін барынша күшті адам етіп көрсеткісі келеді. Бірақ ол бірінші кездескенде қандай болса, әлі де еш өзгермеген. Әлі де сондай мейірімді, тәрбиелі, елгезек, әрқашан көмекке келуге дайын тұрады.

Ол кезде мен жатақханада тұратынмын. Ол мені жатақханаға дейін шығарып салып, есігімді ашып беретін және де оған бәрібір болатын. Менің жүрегімді жаулаған да осы қарым-қатынасы шығар. Ол кең жүректі адам. Ешқашан адамның қаржылық жағдайына болмаса беделіне қарамайды.

Ол үшін барлығының әділ және шынайы болғаны маңызды. Осындай өмірлік серікті нәсіп еткен Жаратқанға алғысым шексіз», – деп жазды Махаббат Мүсілім Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, Махаббат актердің жары болу оңай емес екенін атап өтті.
Медицина университетінде білім алған Махаббат қосымша сұлулық байқауларына да қатысқан. Күні кеше аяқталған «Қазақстан аруы» байқауында биыл Тәуекел қазылық етсе, оның жары бір кездері аталмыш байқауға қатысуды армандапты.

«Парадокс. Бір кездері мен «Қазақстан аруы» байқауына қатысуды армандадым, ал бүгін менің күйеуім осы байқауда қазылық етеді. Мен сол күйі «қала аруы» атанбадым. 2,3 орын, түрлі аталымдарды жеңіп алдым («Қарағанды вице-мисс -2017, тағы бір жылы Қостанайда 3 орын)», – дейді Махаббат.

Көпшілік сұлулығына тамсана қарайтын Махаббат өмірінде пластикаға жүгініп көрмегенін атап өтті.

​​​​​​​

Comments (0)
Add Comment