Көне шаһарда халықтың рухани сұранысын қанағаттандыратын көптеген мәдение шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтар болсақ, карантиндік шараларды ескере отырып, ашық-аспан аясында көпбалалы аналарға арналған «FOODfest», «МАМАfest», «Кітапfest», «Ұмыт болған оюлар», қала маңындағы алқаптарда концерттер, шаһар саябақтары мен скверлерінде мәдени-спорттық іс-шаралар өткізілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Ал, қазір «Көше күндері», «Үздік аула», «Аудан күндері» апталықтары мен жастарға арналған «Түрленген Тараз» мобилографтар мен дрон, фото түсірушілер байқауы өтуде.