Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясына қатысты.
Жиын барысында сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 шешіміне өзгеріс енгізу бойынша Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Сматилдаева баяндама жасады.
Келесі кезекте сөз алған Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Пәрімбеков мәслихат депутаты Бекбол Баянғалиұлы Маймышевтің өкілеттігін мерзімі-нен бұрын тоқтату жөнінде ұсыныс енгізді.
Басқосу соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Нұргүл Оразбек