Маңғыстау облысында бір топ адам «есірткі тасымалдаушыларды» аяусыз соққыға жыққан.

Видеоға қатысты пікір білдірген полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Маңғыстау облысында болғанын растады. 

«Оқиға қатысушыларын полиция анықтады. Күдіктілерді ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық істі полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды.

Comments (0)
Add Comment