Мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

  Қызылорда облысында жүк көлігі өртеніп кетті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Volvo жүк көлігіндегі 21 тонна мақта толықтай жанып кетті.

«Өрт туралы хабар келгеннен кейін ең жақын өрт сөндіру бөлімінің мамандары 34 шақырымнан оқиға орнына барды. 2 техникамен 7 қызметкер жедел жетті. Өрт жылдам оқшауланды. Оқиға барысында жарақат алған адам жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  өкілі.

Comments (0)
Add Comment