Дамыған экономиканың айнасы – экспорт. Облыста экспорттық әлеуетті арттыру бағытында өңірдегі кәсіпорындармен жұмыс бір жүйеге қойылған. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ арқылы өткен жылы 7 кәсіпорын жалпы сомасы 103,5 млн.теңгеге қолдау алса, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті кемінде 10 пайызға арттыру бойынша жұмыс жасауда.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының алдын-ала мәліметі бойынша облыс бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 156,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,6% құрады.
Есепті кезеңде 271,3 мың тн. портландцемент, 99,1 мың тн. мұнай өнімдері, 19,3 мың тн. фосфинат, 83,9 мың тн. минералды тыңайтқыштар, 11,3 мың тн. ферроқорытпа, 1,9 мың тн. натрий цианиді экспорталған.