Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Раззақ Нәзиля Раззақбайқызы Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында болып, «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.
«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» көрсеткіштерін орындау мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ағымдағы жылы жоспар бойынша 434 адамға 367,5 млн.тг. бөлініп, бүгінгі 100 адамға грант берілген. Қалған гранттар жыл соңына дейін заң талаптарына сәйкес бекітілген Ереже бойынша беріледі. Жоспарланған 434 адамның 313-і жастар және 121-і 121 әлеуметтік осал топтағы азаматтар.
Мәжіліс депутаты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен пікірлесу барысында олардың ұсыныстарын тыңдап, гранттар бөлу мәселесіне ерекше көзқараспен қарап, заң талаптарының сақталуы туралы айтты.
Сонымен қатар жұмыспен қамту саласындағы заңнамалық тұрғыда жетілдіруді қажет ететін кейбір мәселелер бойынша құқықтық сұрақтар жөніндегі комиссия қарауына ұсыныс жасайтындығын жеткізді.