Сенат төрағасы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар кездесулер мен аудандарды аралауды жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жергілікті депутаттармен кездеседі. Онда алдағы саяси науқанға дайындық барысы қаралады.
Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Жамбыл, Байзақ, Талас аудандарын да аралап, кәсіпкерлермен кездеседі. Қаратау қаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылайды.