«Мәтінін кім жазған мынаның?»: Қайрат Нұртастың жаңа әні жұртқа ұнамады (ВИДЕО)

Әнші Қайрат Нұртас блогер Әлішер Қонысбаевпен бірге «Baby» атты ән шығарды. Алайда ол шығармалары жұрттың көңілінен шықпай қалды деп хабарлады turkystan.kz.

Ән мәтіні «Қимылыңнан сенің, жүрегім соқпай қалған» деп келеді. Ол туралы желі қолданушылар біраз сын жазып тастады.

«Не өлең мынау?», «Мәтінін кім жазған мынаның? Не мән жоқ, не мағына жоқ», «Ешқандай мағынасы жоқ. Кім болса сонымен өлең айтқанды қойсаң. Мүлдем жарасып тұрған жоқ» десті көпшілік.

 

Comments (0)
Add Comment