Мұқтаж отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізуде

2020 жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделінің енгізілуіне байланысты табысы кедейлік деңгейінен төмен отбасыларына тағайындалуда.
Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде анықталады. АӘК тоқсан сайын тағайындалады. Сонымен қатар АӘК тағайындалған аз қамтылған отбасылардың 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама биылдан бастап монетизацияланды. Осылайша әр бүлдіршінге ақшалай 5 175 теңге төленеді.
Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.
Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс және өз отбасы үшін жауапкершілігі бар. Атаулы әлеуметтік көмек ережесі бойынша еңбекке қабілетті отбасы мүшесі жұмысқа орналасудан бас тартса, АӘК тағайындалмайды. Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады.
Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасы аясында АӘК алушыларға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылады.
II тоқсанның қорытындысы бойынша, бүгінгі күнге шартты ақшалай көмек тағайындалған. Атаулы әлеуметтік көмек алушы 1 724 отбасының ішінен еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің саны – 2 851 адам. Оның ішінде 1 890-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған немесе жылдық жоспар 66,3 пайызға орындалып отыр.
Атап айтсақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған – 1 666 адам, тұрақты жұмыс орнына орналастырылғандар – 26 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орнына орналастырылған – 13 адам, жастар практикасы – 2, мемлекеттен қайтарымсыз грант 3-ді құрап отыр.

Тараз қаласы әкімдігі
Халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімі

Comments (0)
Add Comment