Құрметті тараздықтар!
Сіздерді мұсылман қауымының ең ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын.
Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады.
Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Ораза айт – молшылық мерекесі. Бұл күні ата-ана, бауыр мен балаларға сыйлық үлестіріп, ағайын-көрші, ағайын-туысты қонаққа шақырып, айрықша көңіл бөлу де – сауапты іс.
Қадірлі мұсылман бауырлар!
Ораза айт мерекесі құтты болсын!
Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарды, садақаны қабыл еткей! Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Бақытжан Орынбеков,
Тараз қаласының әкімі