Мәслихат депутаттары қоғамдық тыңдауда Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту бастамасын бірауыздан қолдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоғамдық тыңдауға қала тұрғындары мен дауыс беруге ниеттілердің барлығы Facebook-тегі елорда мәслихатының ресми парақшасы арқылы қатысты.
«Атын өзгерту тек елордаға қатысты, сондықтан республикалық орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттен, ал жергілікті атқарушы органдар, жергілікті кәсіпорындар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады», – деп қосты елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов.