Мәслихат депутаттығына кандидат Равкат Мұхтаровттың өкілін сайлау учаскесінен шығарып тастады.
Алматыдағы №183 сайлау учаскесінен тәуелсіз бақылаушы Айсұлтан Құдайберген шығарылған. Комиссия төрағасы Гүлзат Иманалы мұны «дауыс беруде кедергі келтіргені және сайлау учаскесінде жүріс-тұрыс ережелерін сақтамағаны» үшін деп бағалаған.
Бірақ misk.kz құқық қорғаушылары мен Инга Иманбайдың адвокаты тәуелсіз бақылаушыны қайта тіркеген. Бұл туралы Равкат Мұхтаров хабарлады.