Мәскеуді түтін басты

Ресей астанасының оңтүстігінде көк аспанды түтін торлады деп хабарлады turkystan.kz.

Орман шаруашылығы федералды агенттігінің баспасөз қызметіндегілер түтін Рязань облысында болған өрттен тарағанын мәлімдеді. Бұған дейін Рязань облысының үкіметі аймақта үш табиғи өрт ошағы бар екенін хабарлаған. Осы ретте Спасск ауданы аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Comments (0)
Add Comment