Мәскеудегі маңызды басқосу

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты алыс-жақын шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстарды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Осы мақсатта, 2024 жылдың 27 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында тәжірибе алмасу үшін бірқатар оқытушы Мәскеудегі С.Ю.Витте атындағы университет пен Санкт-Петербургтегі Р.Валленберг атындағы арнайы педагогика және психология институтының шақыруымен іссапарда болды.
Іссапарға тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Г.Қ.Құлабекова, «Жаратылыстану» факультетінің деканы М.Н.Нұрғабылов, ғалым-хатшы Қ.Ө.Тамабаева, Студенттерге қызмет көрсету орталығының басшысы Р.Б.Абдуллаева, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.М.Андреева және Спорттық бұқаралық жұмыстар орталығының директоры С.Қ.Балаби қатысты.
Кездесу барысында оқу орындары басшылығы академиялық ұтқырлық, ғылым және әлеуметтік даму бағыттары бойынша, сондай-ақ болашақтағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде кеңінен пікір алмасты. Оқу орындары арасында бірлескен жобалар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ПОҚ пен студенттердің алмасуы, дәрістер және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімдер жасалды.
Бұл сапар алдағы уақытта екіжақты қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді және білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа жолдарын ашпақ.

Еркін Сайын

Comments (0)
Add Comment