«Мәсімовпен мәселе бітпейді» – Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының мүшесі Қазыбек Иса Бас Прокурорға « Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар түгел анықталып, жауапқа тартылуы тиіс» атты депутаттық сауалын жариялаған еді деп хабарлады turkystan.kz.

Онда халық қалаулысы қаңтар қасіретіне байланысты бүкіл елдің ақиқаттың айтылуын күтіп отырғанын, мәселе қамауға алынған Мәсімовпен ғана біте қалмайтынын, мәнісі тым тереңде жатқанын айтты.

«Сондықтан барлық шындық ашық айтылғанда ғана ел билікке сенеді», – деді ол.

Бүгін біз депутаттың осы және басқа да биік мінберден айтқан сөздерінің бейнежазбасын ұсынуды жөн көріп отырмыз.

 

Comments (0)
Add Comment