Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын», – делінген хабарламада.
Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.