2014 жылдың қазанынан бері алғаш рет Brent маркалы мұнай бағасы 87 доллардан асты. Бұл ақпаратты Лондон биржасының сауда-саттық деректері растайды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан уақытымен 10.34-тегі деректер бойынша, солтүстік теңіз қоспасы баррелі 87,15 доллар деңгейінде саудаланып, 1,267 пайызға қымбаттаған. WTI маркалы мұнай 84,76 доллар болып, 1,121 пайызға қымбаттаған.
20 қаңтарда АҚШ-тағы бір апталық мұнай қоры бойынша статистика жасалады деп жоспарланып отыр. 7 қаңтарға дейінгі бір апта ішінде елдегі коммерциялық қорлар 2018 жылдың қазанынан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсті.