Мүлік салығы 1 қазаннан кешіктірілмеуге тиіс

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады:
2024 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі — 2025 жылғы 1 қазаннан кешіктірілмеуі тиіс.

 Мүлік салығына не кіреді?

2025 жылдан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың мүлік салығы екі салықты біріктіреді:

  • Мүлік салығы
  • Жер салығы

Салық салынатын объектілер:

  • Жылжымайтын мүлік: пәтерлер, үйлер, гараждар, саяжай құрылыстары, машиналар тұрағы және басқа да меншік объектілері.
  • Жер телімдері: бірақ барлық жер түрлеріне салық салынбайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қоры, босалқы жерлер, сондай-ақ ортақ пайдалану орындары (көшелер, жолдар, саябақтар) салық салудан босатылады.

Мүлікті сатудан алынатын табыс салығы

Физикалық тұлғалар төмендегі жағдайда табыс салығын (пайдадан салық) төлеуге міндетті:

  • егер мүлік сатып алынғаннан қымбатқа сатылса;
  • және мүлік 1 жылдан аз уақыт иелігінде болса.

Босатылатын жағдайлар:

  • коммерциялық мақсатта пайдаланылған мүлік,
  • тұрғын үй құрылысына (ИЖС), саяжай, бау-бақша, қосалқы шаруашылық, гараж үшін арналған жерлерден басқа мақсаттағы жер телімдері.

Салық мүлікті сату құнынан емес, тек табыстан (пайдадан) алынады.
Ставка — 10% (Қазақстан резиденттері үшін).

Салық қалай есептеледі?

Салық автоматты түрде есептеледі, негізге алынады:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген объектінің бағалық (кадастрлық) құны;
  • меншік құқығындағы иелік ету мерзімі.

Салық сомасы туралы хабарламалар:

  • банктердің мобильді қосымшалары арқылы,
  • e-Salyq Azamat және eGov Mobile қосымшалары арқылы push-хабарлама түрінде жіберіледі.

Төлемеген жағдайда не болады?

2025 жылғы 2 қазаннан бастап мүлік салығын төлемеген азаматтарға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

Егер берешек сомасы 1 АЕК-тен асса, онда:

  • 30 жұмыс күні ішінде төлем жасалмаса,
  • мәжбүрлі өндіріп алу туралы қаулы шығарылады және
  • 5 жұмыс күні ішінде ол жеке сот орындаушыларына беріледі.

Қосымша салдарлар:

  • берешек сомасынан 25%-ға дейінгі мәжбүрлі өндіріп алу алымы,
  • банк шоттарына тұтқын салу,
  • елден шығуға шектеу қойылады.

 Салықты қайда төлеуге болады?

  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы,
  • Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы,
  • eGov.kz электрондық үкімет порталында,
  • банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы банк картасын пайдаланып төлеуге болады.

 Кімдер салық төлеуден босатылады?

2025 жылы келесі санаттағы азаматтар жер және мүлік салығынан босатылады:

Толық босатылады:

  • Кеңес Одағының Батырлары,
  • Социалистік Еңбек Ерлері,
  • мемлекеттік наградалар мен атақ иелері,
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

Қосымша босатылатындар:

  • жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар (18 жасқа дейін),
  • мүгедек баланың бір ата-анасы немесе мүгедек адамның өзі,
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері болып табылатын көпбалалы аналар.

Гүлнұр Абдалиева,
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасы
басшысының міндетін атқарушы

Comments (0)
Add Comment