Мәдениет саласының өкілдерімен мазмұнды кездесу

Конституциялық реформа аясында мәдениет саласының өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, музей, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, сала мамандары қатысты.
Жиын барысында Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жаңа Конституциялық нормаларда ұлттық мәдени мұраны сақтау, тарихи ескерткіштерді қорғау, шығармашылық еркіндік пен мәдени әртүрлілікті қолдау мәселелеріне ерекше мән беріліп отырғаны атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар мәдениет ұйымдарының жұмысын жетілдіру, мәдени мұраны сақтаудағы заңнамалық тетіктерді күшейту, өңірлік мәдениетті дамытуға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Конституциялық реформаның қоғамдағы әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны, бұл өз кезегінде мәдениет саласында да жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны айтылды.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, мәдениет саласы өкілдерінің реформаны жан-жақты түсінуіне ықпал етпек.
Comments (0)
Add Comment