Мәдениет саласына айрықша көңіл бөлінді

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Ең бас­тысы, мәдениет пен өнер қызметкерлері Мем­­­лекет басшы­сының қолдауын сезініп отыр. Сол себепті де Жолдауда айтылған барлық бастамаларын бірауыздан қолдайды. 4-ші бастамада айтылған 2022-2025 жылдар аралығында мәдениет қызметкерлерінің жалақысы мәселесіне көп көңіл бөлінетіні әріптестерімді қуантып отыр. Азаматтық қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын шындығында көтеру керек деп ойлаймын. Себебі, елдің атын шығаратындардың бірі мәдениет пен өнер майталмандары мен өнерпаздар екені сөзсіз.
Жыл соңында барша адамзат өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. COVID-19 індетінен аман есен шығып, бәріміз ортақ игілікке қызмет етіп, ел мәртебесін көтеруде күш-қуатымыз арта берсін демекпін. Мен Жолдауды қолдаймын!

Comments (0)
Add Comment