ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен облысымызға ат басын бұрған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Баласағұн» орталық концерт залында жамбылдықтармен жүздесті.
Әуелі Дәурен Әскербекұлы салада атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады.
– Біз «Жаңа қазақ әдебиеті« атты жобаны қолға алдық. Оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен инновациялық идеяларын шыңдайды.
Кездесуге жиналған жұртшылық та министрге сауалдарын жолдады. Дәурен Абаев өз кезегінде көтерілген барлық
мәселелер назарға алынып, тиісті шешімдер қарастырылатынын жеткізді.
Бұдан кейін Дәурен Әскербекұлы «Ежелгі Тараз» қалашығы мен «Қарахан кесенесіне» аялдап, нысандардың жай-күйімен танысты.
Жұмаш Жолболды