Ресей мектептерінің бірінде мұғалім сабақ үстінде оқушыны таяқтың астына алған. Свердлов облысы Березовскийдегі №2 мектептің 6 «А» сыныбында орын алған оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мектеп оқушыларының айтуынша, жанжалға сыныптастарының барлығы дәптерлерін тапсырып жатқан кезде баланың телефонмен отырғаны себеп болған. Содан мұғалім келіп, дәптерді өзі алып кетеді. Осыдан кейін жасөспірім ұстазының үстелінің жанына келіп, алған затын қайтарып беруді айтып, «сен» деп сөйлеген. Соңында әйел дәптерді жыртып тастап: «Сенің де, дәптеріңнің де маған түкке керегі жоқ» деп, оқушының бетінен шапалақпен салып қалады.
Оқушылардың ата-аналары мұғалімнің жағында. «Білім алу тәрбиесі қазір бұрынғы кезге қарағанда өзгеше, оқушылар сабақты бұзады», – дейді ата-аналар әлеуметтік желілерде.
«Ешкімді сыйламайтын, мұраты мен құндылықтары жоқ баланы қалай тәрбиелеу керек? Жағдай қиын, байғұс мұғалімдер», – деп келтіреді Ura.ru жергілікті тұрғындардың бірінің сөзін.
Мектеп оқушыларының ата-аналары да видеоның арандатушылыққа ұқсайтынын, себебі сыныптастары бәрін түсіріп алғанын айтқан. Бұл жағдайға мектеп директоры Светлана Колпакова түсініктеме беріп үлгерді.
«Бұл баламен болып отырған шу біз үшін жаңалық емес. Барлығын сабырға шақырамын, әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз», – деді мектеп басшысы.