Ұлытау облысының әкімдігі қымбат қызметтік көліктерді қайдан алғанын айтты

Жаңадан құрылған өңірге Президенттің іс басқармасы қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

«Соңғы уақытта Ұлытау өңірінің тұрғындарынан облыс әкімдігін қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етуге қатысты сауалдар келіп түсуде. ️ Облыс бюджетінде биылғы жылға автокөлік сатып алуға қаражат көзделмеген», — дейді әкімдіктегілер.

Олардың ақпаратынша, бұл облыс әкімінің аппаратына да, облыстық басқармаларға да қатысты. ️

instagram.com/ulytauregion

Президент іс басқармасы басшылығының шешімімен жаңадан құрылған облыстарды қолдау аясында біздің өңірге өтеусіз негізде 8 пайдаланылған автокөлік берілді. Олардың ішінде 2009-2010 жылдары шыққан 5 «Мерседес» пен 3 «Шкода» бар, — делінген әкімдік хабарламасында.

Comments (0)
Add Comment