Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ұлттық тағамдар

Наурыз мерекесінде «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын», – деп тілек айтылып, түрлі тағамдар әзірленеді. Ұлыс күні дастарқанда тағам мол болса, сол жылы ақ мол болады деп ырымдап дастарқанды толтырып қойған. Кез келген қазақы шаңырақтың дастарқанын ет тағамдарынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан төменде үсынылған тағамдар дастарқаныңыздың шырайын аша түседі.

Халқымыз жылқы сүтінен қымыз ашытқан,түйе сүтінен шұбат жасаған. Ал сиыр,қой-ешкі сүттерінен айран,құрт,ірімшік,уыз,қаймақ әзірлеп,  дастарқанға қойған.  Осы орайда біз халқымыздың бірқатар ұлттық тағамы туралы толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.

Ет.Халқымыздың беделді кісілерге ұсынылатын  кәделі, орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп,табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер болып саналады. Әр табақ қонақтың жасы мен дәрежесіне,  жолына нағашы,жиен,құдағи,қыз балаға сәйкес келуі керек. Осыған сай табақ тарту-бас табақ,сый табақ,күйеу табақ,келін табағы,жастар табағы болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай жіліктеп ет салынады. Бас табаққа бас,жамбас,омыртқа,қазы, қарта, жал,жая,сияқты мүшелер салынады.Іліктік қатынасқа қарай қарттарғажамбас, орта жастағыларға ортан жілік,омыртқа,күйеу балаға төс,қыздарға құйымшақ тартылады.

Қуырдақ. Бұл соғым етінен жасалатын кәделі,дәстүрлі тағам.  Соғым сойылған  үйде міндетті түрде қуырдақ жасалады.Әзірленуі қиын емес және тез піседі. Қуырдақты сұрып ет пен өкпе бауырды,бүйректі майлы ішек-қарынға араластырып,қуырып пісіреді. Әжелеріміз  жас етті кейде қаймаққа да қуырады. Мұны бал қаймақ депте атайды.

Салма. Нансалма кейде кеспе депте атайды. Ұлттық тағам нан мен еттен жасалады. Қамырды жайып,ұзынша етіп кесіп,суға салып пісіредіде, үстіне туралған ет салады. Сорпасы көп бұл ас жеңіл тағам болып  саналады. Салманы қой,сиыр етінен жасайды. Оғанжылқы еті қосылмайды

Ақсорпа.Ерте заманнан бері сиыр,жылқы сойғанда соғым сүйектерін тастамай,жинап қоятын болған. Ет таусылғанда сүйектерді қазанға салып,су құйып қайнатқан. Майлы сүйектер қайнағанда одан майлы сорпа шығады. Түсі ақ болғандықтан,оны ақсорпа деп атап кеткен.

Наурыз көже.Бұл Наурыз мейрамының басты тағамы. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен жасап, қазы, шұжық секілді ет түрлерін салып,мереке мен құттықтап келгендерге береді. Наурыз көже баршаны ізгілікке,мейірімділікке,татулыққа шақырады. Көженің ұлттық,мерекелік мәні зор.

Мипалау. Атауы айтып тұрғандай мидан жасалған тағам. Бастың миын алып, құйрық май,бауыр, араластырады. Қымыз,айран,сүзбе қосып желінсе дәмі ерекше болады.

Сүт көже. Сүтке күріш қосыпқайнатып жасайды.

Ашыған көже.Су,ұн,тұз,сүттен жасалатын сусын. Жылдың төрт мезгілінде де жасап ішуге болады.Жасалу жолы өте оңай және денсаулыққа пайдалы.

Нұрсәуле Мырзағалиева,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Конвергентті журналистика» мамандығының 4 курс студенті

Comments (0)
Add Comment