Ұлыбританияның әскери колледждерінде жасөспірімдерді зорлаудың ондаған дерегі анықталды

Ұлыбританияның әскери колледждерінде оқитын ондаған жасөспірім курсанттар мен нұсқаушылар тарапынан зорлық-зомбылық көргенін айтқан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, жасөспірімдердің жартысына жуығы 16 жастан асқандар түсетін Солтүстік Йоркширдегі Харрогейте әскери колледжінде оқып жүргенде зорланған.

Қоғамдық комитеттің тергеуінен кейін министрлер жариялаған мәліметте жасы 18-ден асқан 47 адам бұрын жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған. Оның 37-сі қыздар. Зорлық-зомбылықтың бір эпизоды дәлелденді, төртеуі тергеліп жатыр, тағы 11 іс азаматтық полицияға берілген.

«Бұл статистика қалай қарасаңыз да таңғалдырады», – деді бұрынғы армия қолбасшысы полковник Филип Инграм.

Өткен жылы әріптестері тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырадым деген әскери қызметкерлердің саны рекордтық деңгейге жеткені атап өтілді. Сондай-ақ, Қорғаныс полициясы әскерде, Корольдік әуе күштерінде және теңіз флотында болған 200-ден аса жеке жағдай туралы мәлімдеді.

Жыныстық қудалау туралы 274 мәлімдеменің 164 әскерде, 43 Әскери-теңіз күштерінде және 32 Корольдік әуе күштерінде болған.

Оның 44 зорлау, 198 басқа сексуалдық зорлық-зомбылық, ал қалғандары сексуалдық сипатта болған.

2021 жылғы деректер Қорғаныс министрлігінің 15 азаматтық қызметкері, сондай-ақ шетелдік күштердің үш мүшесі жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын көрсетеді.

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі барлық айыптаулар мұқият тексеріліп жатқанын айтты.

Comments (0)
Add Comment