Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы облыс көлемінде колледждер мен қосымша білім беру орталықтарының студенттері мен тәрбиеленушілері арасында өтті. Мақсаты жасөспірімдер IT-технология инжиниринг саласына икемі бар таланттарды анықтап, қолдау көрсету болатын. Жарыс Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің базасында ұйымдастырылды.
Байқауда ерекше көзге түскен Техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері бұл жолы да алдыңғы қатардан көрініп, командалық есепте бірінші орынды жеңіп, орталықтың абыройын тағы бір көтерді. «Авиаүлгілеу» үйірмесінің білікті педагогы А.Лысенконың тәрбиеленушілері «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар» номинациясынан Сұлтан Джамилов – І орын, Никита Пак –ІІ орын, Денис Копыченко, Болат Кеңесов – ІІІ орын, «Авиация саласындағы жобалар» номинациясынан Николай Алиев – І орын, Юра Данченко – ІІ орын, Сәбит Өзбек, Тимофей Матвеев – ІІІ орынды иемденді. Жасаған үлгілері басқа да қатысушылардың қызығушылығын оятып, үлкен ықыласқа бөленді. М.Жаманбатыровтың тәрбиеленушілері «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша Алимжан Сапаралиев – І орын, «Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша Лазар Нуреевтің роботтан жасаған құрылғы жобасы топ жарып, бірінші орынды алды. «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» бойынша Вероника Бесарабчик ІІ орынды қанжығаға байлады.
Жеңіске жеткен оқушылар Талдықорған қаласында өтетін республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауына жолдама алып, облысымыздың абыройын асқақтатады деген үмітпен қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.
Аружан Сұлтанова,
ТШО тәрбиеленушісі