Ұлы даланың алып жыршысы

Жыр дүлдүлі атанған Ж.Жабаевтың  ұлы тұлғасын дәріптеу, екі ғасырды  тұтастырған «ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыршының өмірі мен шығармашылығын құрметтеу мақсатында өткен «Ұлы даланың алып жыршысы» атты байқаудың қорытындысы Абай атындағы орталықтандырылған кітапханада өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Қазақтың ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай жыршының шығармаларын насихаттау, оқушының тұлғалық қасиеттерін дамыту және ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу арқылы өмірлік танымдарын қалыптастыру мақсатында Тараз қаласының  мектеп  оқушылары арасында өткізілген қалалық шығармалар (эссе, мәнерлеп оқу, арнау шығару) байқауын Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ және Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасы «Тараз қаласының білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы» КММ  ұйымдастырды.

Байқау «Ұлы даланың алып жыршысы» атты эссе номинациясы, «Жамбылдың маржан жырлары» атты көркемсөз (мәнерлеп оқу) номинациясы, «Жыр дүлдүлі- Жамбыл» арнау номинациясы бойынша өтті. Байқауға  Тараз қаласының  №№5, 8, 10, 11, 12, 15, 19, 20, 30, 31, 32, 38, 39, 41, 42, 46, 47, 50,51, 53, 54, 56  және ТШО тәрбиеленушілері қатысты. Оқушылардың жазған шығармалары мен мәнерлеп оқыған өлеңдері тыңдалып әділ сұрыптаудан өтті. Әділ-қазылар алқасының төрағасы Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,  публицист- жазушы,  «Өрімтал» Жамбыл облыстық балалар журналының бас редакторы – Баймаханбет Ахмет шара барысында балалардың шығармашылығына сәттілік тілеп, жеңімпаздарды құттықтады. Байқаудың қорытындысы бойынша 5-11 сынып аралығында әр номинация бойынша оза шапқан оқушылар Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды. Марапат төрінен көрінген жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен Алғыс хат табысталды.

Comments (0)
Add Comment