Ұлттық өрлеудің ұлы күші

Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты жастармен кездесу өтті.

         Басқосуға орталықтың ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Әйгерім Садықбекова, Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы Сейтхан Қуантаев, колледж директоры Сәкен Жүнісбеков, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы Бақытжан Құтжан қатысып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы төңірегінде ой қозғады.

– Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады. Сондықтан да, Елбасының бағдарламалық мақаласы жастарға арналған.  Өйткені, болашақ – жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзіміздің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз, – деді Б.Құтжан.

         Рухани шара барысында жиынға қатысушыларды С.Қуантаев Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ атынан алғыс хаттармен марапаттады.  

Кездесу соңында жастарда бағдарламалық мақала туралы ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

Айгерім ШӘМШІ, студент

Comments (0)
Add Comment