Ұлттық рәміздер – ұлт мақтанышы

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қажырлығы мен даналығын, болашаққа деген үкілеген үмітін, мақсат-тілегін жеткізетін құндылықтар. Ал оны құрметтеп, қастерлеу – баршаға ортақ іс.

Қалада мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жұмыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілуде. Мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамалардың сақталуына мониторинг жүргізу үшін комиссияның жұмысшы органы мен Техникалық реттеу және метрология департаменті өкілдері бастаған топтың мекемелерге шығуы тұрақты ұйымдастырылуда. Жалпы 2020-2021 жылдары қаладағы 300 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда (2020 жылы – 227, 2021 жылы – 73) мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мекемелерде 59 – Мемлекеттік Ту, 14 – Елтаңба, 14 – Мемлекеттік Тудағы ұштық, 22 – Мемлекеттік рәміздердің бейнесі белгіленген стенд, оқу орындарында 11 – оқшауланған орын қалпына 44% келтіріліп, 13 – Мемлекеттік Туды және Елтаңбаны ауыстыру және жою жөніндегі тұрақты комиссия құрылды.

Қала әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырыстары жылына кемінде 4 реттен өткізілуде. Комиссия тарапынан мекемелерде мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану барысын түсіндіруге арналған семинар-кеңестер, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Тараз қаласында 35 іс-шара және басқа да мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 1000-нан аса қала тұрғыны тартылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, 2021 жылдың 1-4 маусым аралағында әлеуметтік желілерде «#МеніңТуым #МойФлаг» атты акция (жеке азаматтардың Мемлекеттік Тумен түскен суреттерін жеке әлеуметтік парақшаларында жариялау) өткізілуде. 4 маусым күні сағат 10.00-де қаладағы мекемелерде бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуы ұйымдастырылады. Осы күні «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағына дейін «Менің Туым, менің Отаным» атты патриоттық жастар акциясы аясында жаяу жүргіншілер және авто-мото-велошеру ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, белсенді жастар мен волонтерларды марапаттау және концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Жастарға патриоттық тәрбие беру, қазақстандық отансүйгіштікті, еліміздің рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру мақсатында қаладағы ірі сауда орындарында Мемлекеттік Туды орналастырып, іс-шара өткізіледі. Іс-шара барысында сауда үйіне келушілерге Мемлекеттік рәміздерге арналған викториналық сұрақтар қойылып, «Қазақстан» шоколадтары жолаушыларға табысталады.

Осы күні «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акциясы аясында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінде Мемлекеттік Туды (15 көпқабатты тұрғын (1-12 қабатты, 4-9 қабатты, 10-5 қабатты) үйге 60 Мемлекеттік Ту ілінді) ілу ұйымдастырылады. Бүгінгі күні негізгі жұмыс Мемлекеттік Елтаңбадағы бейнеленген «ҚАЗАҚСТАН» жазуы латын графикасында «QAZAQSTAN» жазуына ауыстыруға бағытталған. 2019-2020 жылдары қаладағы 329 мекемеде 52 575 664 теңгеге 1071 (1 м – 5, (2 м – 2, 500 мм – 479, 250 мм – 175, мекеме атауы жазылған маңдайшадағы 120 мм Елтаңба – 410, стендте – 142, ) Мемлекеттік Елтаңба ауыстырылды. Жалпы қала бойынша мекемелердің ғимараттарында 588 Мемлекеттік Ту (1/2 – 581, 1,5/3 – 3, 2/4 – 4) орналастырылған. Бүгінгі күнге 241 мекеменің 131 мөрі ауысып, жыл соңына дейін 110 мекеменің мөрін ауыстыру жоспарлануда.

Ұлана СЛАМБЕКОВА,
Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Comments (0)
Add Comment