Ұлттық құныдылықтар ұлықталған кеш

Ұлттық құныдылықтар ұлықталған кеш

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз – ұлттық құндылықтардың жаңғыруы» атты ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтау кеші  өткізілді. Наурыз мерекесін, қазақ халқының ұлттық тағамдарын насихаттау, жас ұрпақты салт-дәстүрімізді құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өткен шараға «Мейірім» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты.  

Кеш барысында халық әндері шырқалып, «Қарақат» мектеп-студиясының «Әсем әуен» дәстүрлі әншілер ансамблі «Сәлем, Қазақстан» әнін, «Эстрадалық вокал» үйірмесінің шәкірті Сымбат Құрманғазы «Наурызым – мерекем» әнін, «TUMAR» арт-студиосының домбырашысы Сымбат Жолдыбек «Ақ кербез» күйін нақышына келтіріп орындады. Ал «Бастау» студиясы «Bala dаnce» тобының мың бұралған бишілері «Қазақ» биін орындады.

Сонымен қатар шара аясында ұмыт болып бара жатқан дәстүрлер көпшілік назарына ұсынылып, бауырсақ пен наурыз көже таратылды.

Comments (0)
Add Comment