Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы

Қазақтың ұлттың құндылықтары – өзімен бірге мәңгі жасасып келе жатқан құнарлы тілінде, озық салт-дәстүрлерінде, өрелі де өрісті өнерінде. Осыған орай ұрпақ тәрбиесінде алар орыны жоғары аналардың басын қосқан «Анаға тағызым» орталығында «Ұлттық құндылықтарды жаңғырту және заманауи кәсіптерді игеру» атты шеберлік сағатты өтті.

Аналар бас қосқан алқалы жиынды ашқан Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қазақ қоғамындағы әйел мәртебесіне тоқталды.

–Бүгінде Қазақстан әйелдері еліміздің дамуына айрықша үлес қосып отыр. Адамзаттың нәзік жанды өкілдері ел экономикасының түрлі саласында, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, ғылымда, жеке бизнесте, білім беру мен денсаулық сақтау саласында еңбек етуде. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты апа-әпке, қарындастарымыздың өлшеусіз үлес қосқаны ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді, –Дәуір Рысбайұлы.

Шарада сөз алған ақ жаулықты аналар өз  ойларын ортаға салып,  тәлімі мол, берері көп осындай шаралар жиі өтіп тұрса деген тілегін жеткізді.

Comments (0)
Add Comment